АҚШ президенті Трамп тағы бір жаңалық ойлап тапты

0
1671

Дональд Трамп тағы бір жаңалық ойлап тапты. Ол енді байлығы басынан асатын әлемнің байларына АҚШ азаматтығын алатын мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Todayinfo.

Бұған дейін талантты ғалымдарды америкаға тартумен айналысқан АҚШ енді әлемнің байларын да қызықтырып қойды. АҚШ азаматтығын алғысы келетін байлар «алтын карталарды» алу арқылы азаматтыққа қол жеткізбек.

АҚШ президенті Дональд Трамп «алтын картаның» құны шамамен 5 млн АҚШ долларын құрайтынын айтып отыр.

«Біз алтын картаны сатпақпыз. Сізде жасыл карта бар. Ал бұл – алтын карта. Біз бұл картаны шамамен 5 млн долларға бағалаймыз және ол сізге жасыл картаның артықшылықтарын береді, сонымен қатар ол азаматтық алуға жол салады. Дәулетті адамдар осы картаны сатып алып, елімізге келеді», – деді Дональд Трамп. 

АҚШ-тың Сауда министрі Ховард Лютниктің сөзінше, алтын карта үкіметтің EB-5 иммиграциялық виза бағдарламасын алмастырады. АҚШ президенті алтын карталарды сату екі аптадан кейін басталуы мүмкін екенін жеткізген.

«Құқықтық тұрғыдан алғанда, бұл – заңды», — деді ол.

Трамп миллиондаған картаның сатылатынына да сенімді.