Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?

Әлеуметтік желіде жарияланған мына жазба ешкімді де бей-жай қалдырмаса керек-ті. Еліміздің медицина саласы күн санап құлдырап артқа кетіп жатқанын сәт сайын түрлі жағдайлардан естіп-көріп жүрміз. Алайда ондай ауыр жағдайлар қарапайым халықтың ғана басынан өтердей көрінетін…
Ал таяуда ғана мәңгілік мекеніне аттанған Оқу ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Наталья Жумадильдаева да өз аяғымен барған ауруханада ажал құшыпты.
Бұл туралы марқұмның жерлестері мен таныстары әлеуметтік желіде жазды.
“Сырдың тағы да бір аяулы қызынан аяқ асты айырылдық . Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмадилдаева ауруханада көз жұмды.
Өз аяғымен ауруханаға барып, жасауға болмайтын отаны аурухананың дәрігерлері тез жасап береміз деп жасаған. Отаның нәтижесі Натальяны жан сақтау бөлімені, одан кейін жасаған оталар нәтижесіз болып соңы бір адамның өліміне алып келді.
Бұл дәрігер оташылардың өрескел қателігі деп білемін. Оны мен осыдан үш жыл бұрын басымнан өткізгенмін. Маған жасалған үш отаның дұрыс емес екенін неміс дәрігерлері айтып берген еді.
Германияда сәтсіз оталар болмайды, болған жағдайда ол дәрігер сотталады не өмір бойы өз мамандығына жолатпайды. Советтік кезеңде біздің медицина әлемдегі ең мықты болып саналатын.
Қазір ше? Сұрақ көп, жауап жоқ. Айналайын Натальяжан ұлтың өзге болса да жаның, арың қазақ еді. Өзіңді ерекше жақсы көретін едім, Мұрат аға деп алдымнан кесіп өтпейтін едің.
Неге ерте кеттің? Өте өкінішті. Бұл жағдайды жылы жауып қоюға болмайды, кінәлі адамдар жауапқа тартылу керек. Хош бол аяулы жан.”
Сонда Үкімет адамы, министрге осылай жасайды біздің медицина. Қарапайым адамды не істемейді деген ой келді бірден.
Сырдың сырбаз қызы, қазақтың аяулы келіні, бақұл бол!» деп жазды Мурат Бактиярулы.
Расымен де, шенеуніктердің өзі зардап шегіп жатқан қазақстандық медицина қашанғы ажал ошағы болып қала бермек?
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото интернеттен.