«Жездем өзімді зорлап, қызымның ажалына себеп болды» деген шарасыз Эльвира әділдік іздеп жүр (ВИДЕО)

0
2406

ТикТок әлеуметтік желісіндегі «Жасыл Желкен» арнасы әділдік таппай, шырылдап жүрген Эльвира есімді келіншектің видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.

«11 жасымда шешем қайтыс болды. Қайтыс боларынан жарты сағат бұрын мені шешем туған жездеме «саған аманат» деп тапсырып, қалдырған еді.

Анам қайтыс болғаннан кейін 11 жасымда Семейдегі Қарауыл ауылындағы әпке-жездемнің қолына келдім.

Шешемнің аманатын аттай алмаған әкем мені жіберіп, өзі жалғыз Шымкентте қалды.

Қарауыл ауылында 9 сыныпқа дейін оқып, кейін Шымкентке кетіп қалдым. Себебі әпкем ұрып-соғып, күн көрсетпейтін. Үйінің шаруасы мен бала-шағасын қарауды менің мойныма іліп қойды.

Алайда әпкем Шымкентке келіп, мені қайта алып кетті. Мектепті бітіріп, оқуға түстім. Әпкемнің отбасы жұмыс бабымен Алматыға көшіп, оқуымды сырттай бөлімге ауыстырып, тағы солардың үйіне кеттім.

1999 жылы прокурор жездемнің қызметі көтеріліп, Бас прокуратурға қызметі ауысып, отбасымен Астанаға көшті. 2000 жылы әкем қайтыс болды. Әкемнен қалған үйді сатып, үстіне әкем беріп кеткен ақшасын қосып, Астанадан үй алып, пәтерге беріп қойдым.

Барлық сұмдық әкем қайтыс болған соң басталды. Әпкем Шымкентке кеткен бір күні жездем зорлады. Болған жайтты әпкеме айтып бердім. Алайда әпкем: «ештеңе етпейді, ешкімге айтпа, жездеңнің жұмысына зияны тиеді» деді.

Жездемнің жасаған зорлығынан аяғым ауырлап, дүниеге Мадина атты қыз әкелдім.

2020 жылы сол қызымды жездем күштеп күйеуге берді. Қызым Осакаровка деген жерге тұрмысқа шықты. Бірақ түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Жездем мен туыстары маған көрсетпей, жерлеп тастаған…

Қызымды да, өзімді де әпке-жездем ұрып-соғатын. Олардан қорқамын…

Мұны да аз көрді ме, прокурор жездем енді Астанадағы үйімді алып қоюға бар күшін салып жатыр. 65 жастағы прокурор жездем мені өз пәтерімнен далаға қуып шықты. Көмек беріңіздерші, қызымды өлтіргендерді тауып, әділ жазасы берілсінші!» деп жылаған Эльвира қазақстандықтардан көмек сұрады.

Фото көрнекілік үшін.

@kasymova_gulzat

Ответ пользователю @Гульназ

♬ оригинальный звук — Гулеке ОО» Жасыл Желкен»