Алматылық студент 8-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Алматылық студент 8-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қайғылы оқиға орын алды. 6 мамыр күні таңғы сағат 9:00 шамасында бірінші курс студенті университеттің сегізінші қабатынан құлап, оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап.

 Университеттің баспасөз орталығы бұл ақпаратты растап, қаза тапқан студенттің бұған дейін психологиялық көмекке жүгінбегенін хабарлады.

Дегенмен, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Соңғы уақытта Қазақстанда студенттер арасында суицид оқиғалары жиілеп кетті. Мұндай қайғылы жағдайлардың жүйелі сипат алуы оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесі мен психологиялық қолдаудың әлсіздігін көрсетеді.

Сарапшылар мен белсенділер тиісті алдын алу шараларын қабылдауға шақыруда.

Осыған байланысты, университет ректоры студенттің өмірін сақтап қала алмағаны және оқу орнында тиісті бақылау деңгейін орната алмағаны үшін тікелей жауапты болуы тиіс. Қоғам жауапты тұлғаның отставкаға кетуін талап етуде. 

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, бірақ бұл жай ғана салдармен күресу емес, басшылық деңгейінде түбегейлі шешімдерді талап ететін мәселе.

Барлық жаңалықтар