Жоқ бала үшін мемлекеттен ақша алып келген

0
142

Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жеке меншік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік балабақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.