Орташа айлық 400 мың теңге дегеніміз не?

0
109

Ұлттық Банктің (ҰБК) төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы жалақы мөлшері 400 мың теңге екені туралы статистикалық мәліметті түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүлейменов 400 мың теңге орташа жалақы екенін айтты.

«Бұл ел бойынша орташа жалақы болып саналады. Одан көп алатындар да, аз алатындар дар бар. Міне осыдан кейін орташа есеппен алғандағы көрсеткіш шығады.

Бірақ бұл статистика өнертабыстың бір түрі емес, Америкада да, Қытайда да, Ресейде де орташа жалақы осылай есептеледі», — деді Ұлттық банк басшысы.

Ол өз сөзінде мемлекеттің міндеті — табыстың статистикалық өсуін көрсетіп қана қоймай, ұлттық байлықтың адамдарға қайта бөлінуін қамтамасыз ету.

«Мен бұл мәліметті ойдан құрастырады деп ойламаймын, олар статистикалық мәліметтерді өздері жинамайды, жұмыс берушілер есеп береді. Статистик мәліметті жоқ жерден ала алмайды: кәсіпорын тиісті мәлімет береді, бұл ақпаратты талдап, жалпы базаға апарғаннан кейін осындай сан шығады», — деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.