Жолаушылар автобусы отқа оранды

0
103

Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы БҚО ТЖД  баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәлімеиінше, оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды.

«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.