Бас мүфтидің бұл әрекетін қалай түсінбек керек?

0
344

Соғысқұмар Путиннің агрессиялық басқыншылық соғысына діни сипатта санкция беріп,орыстарды азат Украинаға қарсы айдап салған,яғни «ұлы крестовой походқа благословение» жасаған Ресей православ шіркеуінің бас партриархы Кирилл Гундяев Қазақстанның бас мүфтиін ресми құттықтады.

Айтпақшы тәуелсіздік алғалы елімізде 5 мүфти болған екен,соның ішінен Ресей православ шіркеуінің партриархынан мадақтау һәм құттықтау хат алған тек Наурызбай Өтпенов боп шықты.

Мысалы имамдар өз уағыздарында дүниеде кімді жақсы көрсең, кіммен дос болсаң, ақыретте де сонымен бірге боласың дейді және бұған «адам өзі сүйгенімен бірге болады» делінген Мұхаммедтің сөзін дәлел ретінде алға тартады.

Сондықтан да әшейінде күнде мешітте Құранда «Бір адамды өлтірсең — адамзатты өлтіргенің» деген аят бар деп талмай айтатын ҚМДБ мен оның төрағасы Наурызбай Тағанұлының неліктен осы уақытқа дейін Украинадағы Ресейдің қанқұйлы соғысын айыптайтын бірде бір мәлімдемесі болмағанын енді түсінген сияқтымын.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫН, дін зерттеуші.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.