Исламдағы романтика туралы білесіз бе?

0
218

Әлеуметтік желідегі кезекті уағызында Қабылбек Әліпбайұлы Ислам дініндегі романтикаға тоқталды деп жазады Democrat.kz.

«Исламда романтика бар. Романтика дегеніміз не ол? Алла қосқан жарыңызға көңіл бөліп, оның әрбір жасап жатқан еңбегін бағалау деген сөз. Бойдақ, әлі отбасын құрмаған кезге келетін болсақ, ол жерде де романтика бар. Қыз баланың қасиеттерін бағалап, сөз айтуға жігіттің қадам жасауы романтика деп аталады. Гүл беріп, көзбояушылықпен қызды арбап, өзінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін кеш ұйымдастыру — ол романтика емес.  Ол таза нәпсіқұмарлық», — деген имам некесі жоқ қыз бен жігіттің оңаша қалуына шариғат тыйым салатынын ескертті.

Фото интернеттен алынды.