Баланың миын ашытқан оқулықтар

0
836

Әлеуметтік желілерде оқулықтағы қателік туралы видеолар тарауда деп жазады Democrat.kz.

Қазақ мектебінің 2 сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» пәні оқулығының алғашқы беттерінде баланы шатыстыратын жазбалар өріп жүр.

Оқулықтағы №1, №3 тапсырмаларда «қыркүйек» сөзі «қыргүйек» деп жазылған. Бұл қалай? Бала тақтаға мұғалімі жазған «қыркүйекті» дұрыс деп есептей ме, әлде оқулықтағы «қыргүйекті» ме?

Дәл осындай «қыргүйек» Алматыкітап баспасынан 2022 жылы шыққан, 2 сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» кітабындағы №2 тапсырмада көрсетіліпті. Сонда 2 жыл бойы қаншама оқушы «қыркүйек» пен «қыргүйекті» шатыстырып оқығаны ма?

Осыдан кейін сапалы білім туралы сөз қозғаудың өзі артық емес пе? Бір сөздің дұрыс нұсқасын оқулықта көрсете алмаған елде сауат туралы айту — теңізге тас атқанмен бір ғой…

Дайындаған — Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото автордыкі.