“Көп бала тумаңыздаршы!” деп үндеу жасады блогер

0
751

Әлеуметтік желіде Гүлнара есімді келіншек қазақстандық әйелдерге үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

“Көп бала тумаңыздаршы! 25-30 жастағы келіншектер келеді. Жанында ерткен 4-5 баласы бар. Сондай әйелдердің көбінің денсаулығында ақау бар. Қант диабеті, онкология, гинекологиялық аурулары мен артық салмақ проблемалары бар.

Көп балалы болуға шешім қабылдасаңыз, ең болмаса анализ тапсырып, алдын-ала дайындалыңыздаршы. Әйелдің денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Еркекке бәрібір. Егер әйелге бірдеңе болып қалса, балаңыз қиналады ғой.

Депозитте ақшаңыз болса, күйеуіңіз материалдық жадайыңызды жасап тастаса, қосымша табыс көзіңіз болса, ал бәрінен де бұрын денсаулығыңыз жақсы болса, онда бала табуға болады. Балаңызды жақсы көрсеңіз, балаңызды ойласаңыз, осыларды ескеріңіздерші!”- дейді тиктокер келіншек Гүлнара.

Фото көрнекілік үшін интернеттен  алынды.

@gulnara.blog

#гульнара #казахстан #астана #алматы #костанай #новости #news

♬ оригинальный звук — Gulnara.blog