Қазаққа медресенің қажеті бар ма?

0
611

«Медресе құрылысы басталды»- деп садақа, яғни қайыр сұрап қақсайтын дүмшелер қаптап кетті. Өткен уақытта медреселер ағарту орындары болды. Ахундар және ишандар мектептері болды.

Атаулары екі бөлек болғандарымен бір бағытта жұмыс істеді. Мектеп табалдырығын аттағандарға әріп үйретті,  әдеп- ғұрыптар сабақтары өткізілді. Содан кейін,  құран оқуды үйретті. Медреселер бітіргендер дін қуып кеткен жоқ. Қазан сияқты немесе Ресейде жоғарғы оқу орындарында білім алды.

Ал, білім мен ғылымның дамыған заманында медреселердің не керегі бар? Құран үйренгісі келсе, сансыз қаптаған мешіттер бар емеспе? Қандай дамыған елдерде шіркеу мектептері (православные гимназии »  немесе медреселер салып жатыр?

Енді «жат ағымдардан қорғау» мақсатында мектепке дін сабағын ендіріп жатыр. «Жат ағымдар» дегеніміз не? Діннің өзі әдеп ғұрпымызға, ырым, тиым, нанымдарымызға жат ағым емеспе? Анау күнә, мынау күнә деп қалтырап өскен жастардан қандай үміт күтуге болады?

Дін халыққа алауыздық туғызады. Мектептерге дін сабақтарын енгізген жағдайда, балалардың арасында дін үшін дау-дамай, төбелес басталады. Мешітте «әмин» сөзін дұрыс айтпағаны үшін бір-біріне қол жұмсаған ересектерді білеміз. Ал, дін оқыған балалар не оңады?

Жастайынан ораза ұстағандар, ертеңгі күні асқазан ауруына ұшырайды. Күнәден қашқан, тұла бойларын тозақ үрейі билеген балалар ауруға бейім болады. Жастайынан намазға жығылып, сабақ оқудың орнына сүрелер жаттар жүреді.

Қазақтардың дәстүрлерін жаудай тиісіп,  құндылықтарымызды арабтарға теліп жатырған имамдар балаларға қандай тәлім тәрбие береді?

Дін оқыған балаларды қазақтың тарихы немесе қазақтардың ұлылары қызықтырмайды. Арабтардың тарихын қолдап, сахабаларды дәріптеп кетеді.

Патшаға қарсы шығуға болмайды дегендей уағыздар айтатын имамдар билікке құлдар дайындайды. Екатерина екіншінің саясатын қайта алып келгендері түсінікті емеспе? Жастайынан дінді оқыған бала,  қазақы бала емес.

Оңталап МАХАНБЕТОВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.