Сиыр етімен өскен әлжуаздар ел басқарып отыр

0
90

Қазақ үшін жейтін асы мен ішетін суының да аса маңызды екені сөзсіз. Осыған қатысты журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желісінде қызықты жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz.

«Сиыр етіне қатысты бәйбішеммен арада «қатаң халықаралық» әңгіме өтті. Ол: «Сиыр етін арасында алып, жеп тұрайық» дейді.

Мен: «Иә, бірақ, үнемі емес!» деймін. Ол:: «Неге, сиыр еті түйе етіне ұқсайды» дейді. Мен: «Сиыр еті ешқашан түйе етіндей болмайды! Түйенің жеген шөбін даже жылқы жемейді. Ешқашан сиырды түйе мен жылқыға теңестірме!» дим…

Не керек, біздің шаңыраққа сиыр еті кірмейтін болды. Жылына 2-3 келі кіреді, а так, тұтастай кірмейді…

Әкем марқұм күздікке құнажынды құлатып тастағанымен, қыстық соғымға жылқы жыға алмаса — жер бауырлап жатып қалушы еді… сол кісілердің кірпияздығын әшейін соғымбасы кезіндегі бәсеке деп ойлаушы ем…қателесіппін…

Тіскебасарына қой етін жеп, жатарға жылқы сүйегін мүжімеген қазақ — адам болмайды екен! Қазір қоқырайып жүрген жігіттердің дем арасында сатып кететіні сол, олар колбаса жеп өскен тексіздер екен! Просто, хайп ұстап танылды и всё! Түбін түртсең — тексіз, тамырын түртсең — жылқы етін жемеген ашқұрсақ біреу…

Әкем мен шешемнің түнгі күңкілін естіп қалам. Әкем «бие сояйық» дейді, шешем «тай соямыз, қалған ақшаны қыздың киіміне жұмсаймын» дейді. Екеуі де «сиыр сойып, тыныш жатайықшы» демейді….тегі жібермесе керек…

Бір жеріме қарамай, қысы-жазы жылқы етін кертіп жемесем, бүйірімнің бір бұрышына бірдеме бармай жүрем. Қалада отырып сатып жесем де, үйірлі жылқы айдаған бай құсап дәәу морозильник сатып алдым. Бір жылқы тұтас сияды.

Жылқы етін жейікші, қазақтар! Қазір базарда ең қымбат қазыны орыстар мен қытайлар сатып алатынын білесіңдер ме?» деп жазды журналист.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.