«Балаға мал сияқты қарайсыңдар» деді Роза коуч

0
420

Әлеуметтік желіде көп балалы болуға қатысты пікір айтқан Роза коуч әйелдерге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

«Өзіміз туған балаға жетім сияқты қарым-қатынас жасаймыз. Оған ұрсып, жекіп, кемсітіп, кекетіп отырамыз. «Қарашы Аяулымға, сабағы да жақсы, үсті-басы тап-таза. Ал сенің жүрісің мынау, салақ. Саған ақыл кірмейді. Саған ақыл кірген күні мен өлемін» деп өзіміз өмірге әкелген баланы жетімдік эмоцияға бөлейсіңдер.

Патырлатып жыл сайын бала туып жатсыңдар. Туған балаңа көңіл бөліп, онымен сөйлеспейсің. Неге? Өйткені оған сенің уақытың жоқ. 4-5 баласы бар әйелдер, айтыңдаршы, қайсың таңертең ұйқыңды қандырып, қалаған уақытыңда қашан тұрдың? «Жас кезде туып алу керек», «көп балалы болу керек», «халықтың санын көбейтейік» дейтіндерді түсінбеймін.

Бала сендерге мал сияқты. Мал жылда төлдеп жатса, қуанады ғой. Сендердікі де сондай түсінік қой. Саны көп болса, болды. Қай балаң кім екенін білмейсің. Ішіңде -бірі, емізулі — бірі, жетектеген тағы балаң болса, сен олардың тәрбиесіне көңіл бөле алмайсың ғой.

Физикалық тұрғыдан бұл мүмкін емес. Үйдің тірлігі бар, жұмысың бар…4-5 баланың әрқайсысына жеке көңіл бөлуге күшің жетпейді. Жылда бала тапқан әйелдер, қашан адам сияқты ұйықтадыңдар? Әр баланы дайындалып, жоспарлап туу керек»,- дейді коуч.

Фото интернеттен алынды.  

@aidoni_1996

#рекомендации #тиктокказахстан #шымкентская #өмір #ащышындық #🥹 #роза #жиза #😔😔😔😔

♬ оригинальный звук — *_АЙГЕРИМА_* 💞💞