Орын үшін автобуста үлкен дау туындады (ВИДЕО)

0
1596

Әлеуметтік желіде  қоғамдық көлік ішінде айтысқан кісілердің видеосы тарады деп хабарлайды Democrat.kz.

Видео Астана қаласындағы қоғамдық көліктің бірінде түсірілген. Байқағаныңыздай, үлкен кісілер мен жастар арасында автобустағы орынға қатысты дау туындаған.

Үлкендер жағы «жастар үлкен кісіге орын беруге міндетті. Өзіміз жас кезде үлкен кісі автобусқа кірсе, ұшып тұрып, орын беретінбіз. Бұл — үлкенге деген құрмет» десе, ал жастар болса, «ешқандай да міндетті емес. Жастар да шаршайды. Қаламаса, үлкендерге орын бермесе де болады» дейді.

Біраз уақытқа созылған бұл дауды автобус жүргізушісі «тыныштық сақтайық» деп микрофонмен хабарлап, әрең тоқтатты.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.