Өлген кісіні осылай жөнелтсе, қоғам жамандықтан тазара ма?

0
284

Өлген адамды «жөнелтудің» мына нұсқасы қалай?

Иә, өлікті жуындыру, ақ матаға орау, оны үш күзету қазақтың байырғы салтынан.
Осы үш күн бойы оның, яғни өліктің шежіресі түгенделуі керек!

Оны бар болса туысы, көршісі, ауыл ағасы, болмаса, кез келген есті адамға жүктесе.
Мысалы, жақсы адамның жақсылығына алғыс, жаманның артынан «қарғыс» айтылуы тиіс.

Өлген шал немесе кемпір озбыр болғаны, маңайына маза бермегені нақты айтылса, артындағы ұрпағы ел бетіне қалай қарайды?

Сонда барлық туыс о кемпір шалды тірісінде түзейді, не «бұдан былай туыс емеспіз» деп ат құйрығын кесіседі.
Дәл осылай істелсе, қоғам озбырлықтан жылдам арылар еді..

Жемқор өліп—қарызы ұрпағына қалатын болса, оны кім төлегісі келеді дейсің?
Со кезде туыстары не қарызды мойындайды, не туыстықтан отказ жасайды.

Осыны тірісінде көрген адам алған қарызын қайтармауға тырыса ма?
Әлде халықтың ақшасын ұрлай ма?
Уот, ешкімге қарыз болмау үшін туыстары тірісінде жемқорды тыяды.

Тағы бір мысал, көлік апатына кінәлі адам, өлгендер туысына оны төлесін, төлемесін, қарыз етілсе, көлікті ешкім шектен тыс жылдамдық асырып айдамас.

Көлігі ақаусыз, өзінің
ұйқысы қанып бірақ отырар еді рульге, солай ма?.

Қысқасы, өліп кеткен адам қарызы туысына өтсе, өткізгісі келмеген туысы туыстықтан отказ берсе, оны тағы тірілер көрсе, естісе сап тыйылады, болды.
Қоғам аз жылдар ішінде тап-таза болар еді..

Атам пәлен еді, түген еді, әкем сұмдық адам болған…т б бос әңгімелер айтылмайды, ас та төк дастарханда болмайды.

Түгенделген шежірені ұрпақтан ұрпаққа өткізіп, қазақ ешқашан ұмытпас еді.

Қоғам заңын бұзған өлсе, оны тез ұмытуға тырысар еді жұрт.
Тез ұмыт болғанды кім жақсы көрсін…

«Сүйекке таңба болды» деген қазақ.
Сондағы сүйек дегені—әулеті шежіресі емеспе.

Пы-сы: жақсы да, жаман да сұраусыз кетіп жатыр.
Әсіресе, елі мен жерін тонағандар, әлсізді зорлағандар тірілер алдында «сұралса», «тергелсе» деймінғой баяғы..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.