Қайрат Нұртастың әйеліне тырнағын батырып жатқан кім?

0
438

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен нақты соттасатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжып жатыр. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр. Қанша жерден дөкейлерін  қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Ол адамның кім екенін айтып, не үшін соттасып жатқанымды айтып беремін. Заңгерлеріммен ақылдасып істейміз», — дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Осыған дейін актриса жақын адамы іш-бауырына кіріп, құжаттарға қол қойдырып, оңдырмай алдап кеткенін жазған еді.