Президент Тоқаевқа қастандық жасамақ болған

0
944

BES.media телеграмдағы арнасының хабарлауынша, Түркістан облысында Президент Тоқаевқа қастандық жасалмақ болған деп жазады Democrat.kz.

Түркістан облысында жүрген мемлекет басшысының  кортежін тексеру барысында ІІМ, ҰҚК қызметкерлерінің бірлесіп атқарған тексеру жұмысы нәтижесінде атыс қаруының сақталған жері табылған.

Аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде осы іске қатысы бар күдіктілердің барлығын тергеп тексеру жұмысы жүргізілуде. Басқа ақпараттар тергеу құпиялығын сақтау үшін жарияланбайды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.