Қажылықта қазақтың баласы ақша сұрап, алақан жайды

0
78

ТикТок әлеуметтік желі парақшасында Қажылықтағы видеосымен бөліскен ahunbekbirzhan-ның видеосы мыңдаған кісіні сүйсінтті деп жазады Democrat.kz.

Видеода кіп-кішкентай балақай Қағба жаққа қарай Меккенің ортасында алақанын жайып тұр. Әкесінің не сұрап тұрсың, бэйби» дегеніне ойланбастан, «ақша» деп жауап берді.

«Біз духовный жағын ойлап келсек, материальный жағын балам ойлап келіпті» деп әкесі де күліп жатыр.

Титтей баланың бұл қылығы жұртты сүйсіндірді. «Періште ғой», «маған да ақша сұрашы», «бала да біледі өмірде не маңызды екенін» деген пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.