«Мұқағали Мақатаев — сорлы еркек» дейді хайпшы жігіт

0
426

Әлеуметтік желіде түрлі рилс, видео жасап бергіш жігіт провокациялық, пропоганда дүние жасап берем деп жарнама жасауда деп жазады Democrat.kz.

Ақша үшін, хайп үшін ақиық ақынымызды «сорлы еркек, бл…» деп балағаттауға дейін баратын мұндай хайпажорларға жаза жоқ па?

Дәл осы мәселеге байланысты әлеуметтік желіде Азамат Әбілқайыр министр Аида Балаеваға ресми сауал жолдады.

«Құрметті Aida Balayeva ханым!

Ақын Мұқағали Мақатаевты “сорлы еркек, бл**” деп балағаттаған мына бассыздыққа, көргенсіздікке, топастыққа, надандыққа шара қолдануыңызды сұраймын!

МҰҚАҒАЛИ — ұлттың ұжданы. МҰҚАҒАЛИ — қазақ әдебиетін зау биікке көтерген тау тұлғалы ақыны. МҰҚАҒАЛИ — қазақтың жүрегі, қазақтың өзі!

Өзінің кәсібі, атағы үшін ұлттың ұлы тұлғасына тіл тигізген, оны мансұқтаған, балағаттаған мына өресіз жазасыз қалмауы тиіс!

Айыбын мойындап, кешірім сұрауын талап етемін! Сізді ел мәдениетіне жауапты министр әрі руханияттың жанашыры деп білемін. Сондықтан мына ұятсыздық елеусіз қалмауы керек деп есептеймін!» деп жазды Азамат Әбілқайыр.

Фото әлеуметтік желіден.