Мұқағалиға тіл тигізген жігітті алып кетті

0
440

Кеше ғана «Мұқағали Мақатаев — сорлы, еркек емес»деп,  жұрттың ызасына тиетін сондай хайп видеолар түсіретінін айтқан Әлішер Теменовті Нарынқолдың жігіттері алып кетіпті деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл туралы «Тәуекел» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өз парақшасында жазды. «Мұқағали жайлы сөз айтқан Әлішер өз аяғымен Қарасазға бара жатыр.

Барып Қарасаз жұртынан кешірім сұрамақ. Қасында әкесі бар.. Келін бала Алматыда жанын өоярға жер таппай отыр.

Алматыда 30-40 шақты бір топ жігіттер мұны ұстап ап, мынадай видео түсіртіпті. Әйтеуір қазақ қазаққа қасқыр болдық.

Досы деген атым бар ғой, жан жаққа хабарласып жатырмын. Қазақтың билер алқасының басшысы, Ермек Албан ағам еді.

Сыйласатынымның бірі еді. Жеті қараңғыда соған хабарласып сауға сұраттырып жатырмын.Тағы бір екі адамға хабарлстым.( Қолымнан келгені сол енді).

Бар ойым, баяғыда бір барғанда өз көзіммен көріп ем, Мұқағали Қарасаздың Құдайдайын бірі ед, өлеңдерін еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін жатқа білед.

Мына сөздерді естіген Қарасаздың намысты ерлері ағаттық қылмасыншы деген ой менікі. Екі аяқты адам түгіл төрт аяқты тұлпарда сүрінеді.

Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деуші еді. Үйірін тапқанның айыбы жоқ деуші еді. Хан Тәңірді мекен еткен Албан жұрты өз баласының бір қателігін кешірер. Сауға берер деп үміттеніп отырм. Құдай ай ә!»деп жазды қоғам белсендісі Бурахан Дақанов.

Фото интернеттен алынды.