Тойда киіт үшін төбелескен абысындар… (ВИДЕО)

0
478

Елге танымал асаба Берік Жорабеков кезекті подкастында тойда жиі көрініс беретін жағдай туралы сөз етті деп жазады Democrat.kz.

«Тойдағы киіт үшін бір бірімен төбелесіп, бет көріспей кететін абысындар туралы естігеніңіз бар ма? Талай тойда сондай жағдай болған. Сонда не үшін төбелеседі? «Ойбай, анаған алтынның қымбаты кетіп қалды. Ойбай, маған жаманы келді. Сенің абыройың менен төмен еді» деген сынды дүниелер айтылады. Мұның соңы не болатынын білесіздер ме? Екі жастың арасына осындай дүниелер сызат түсіреді. Той өтеді, кетеді. Болмашы дүние үшін олай етудің керегі жоқ»,- дейді асаба.

Фото интернеттен алынды.