Белгісіз дертке ұшыраған әнші сырымен бөлісті

0
4232

Бір кездері қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған “Нұрлан мен Мұрат” естеріңізде ме? “Жұлдызым” әні әлі күнге сол заман жастарының жадында. Өкінішке қарай, қазір әнші жұптың бірі, Мұрат Қожа түсініксіз дертке шалдығыпты деп жазады Democrat.kz.

Әншінің сырқаты туралы төмендегі жазбаны танымал продюсер, журналист Серік Аббас-Шах өзінің парақшасында бөлісті.

«Алла сүйікті құлдарын сынайды деген бар ғой. Соны ойлап, шүкіршілік етіп жатамыз. Алланың сүйіспеншілігіндегі адаммын деп, өзімді жұбатамын.

Ауруымды ешкімге тілемеймін. Айтатындай зат емес, құдай сақтасын.

Өте қатты нәрсе… Өлім мен өмір арасындағы арпалыс. Жеңе алмайтыныңды түсінетін аурулар болады ғой. Менің ауруым — түсініксіз ауру (еді). Не аяқ жасамайды, не қол жасамайды. Диагноз жоқ.

Алматы мен Астанадағы барлық дәрігерге бардым. Ешкім білмейді. Ең соңында екі қолымды көтерген сияқты болдым. Осымен Аллаға ғана табыстаймын дедім.

Карантин басталып жатқан кез (еді), имамдарға хабарласып, ватсаппен дем салдырдым. Медицина көмектесе алған жоқ. Үмітім үзілді дейтіндей жаман ауру да емес. Адам түсінбейтін нәрсе болды.

Тек Алладан үміт үзбедім. Аяғымнан тұрғызшы деп жалындым. Үлкен сынақ, қатты сынақ болады (қолыңа ештеңе ұстай алмау, аяғыңа тұра алмау…)

Алла көп нәрсені түсіндіру үшін осындай сынақ беретін шығар. Әр нәрсенің қадірін білуді үйреткен ауру болды. Достың, ағайынның, әйелің мен балаңның қандай екенін көрсетті. Бір аурумен бәрінің қадірін ұқтырды. Екі жыл ауырдым. Емі Алладан болды» деп жазған Мұрат Қожа.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@bakonay_ks

Балалық шағымның бейнесі💫 #actress #актрисатеатраикино #рек #баконай #qashantuasyn #махаббатқызықмолжылдар #мұратқожа #нұрланмұрат

♬ оригинальный звук — Bakytgul Serikbaeva