Бір ғана облыстың білім саласынан жымқырылған миллиардтар қанша?

0
202

Түркістан облысының білім саласынан жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыста білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

«Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.