Мұсылман қандай жағдайда қарғап-сілесе болады? (ВИДЕО)

0
163

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода уағызшы Ержан мұсылманға қандай жағдайда қарғауға болатынын айтты деп жазады Democrat.kz.

» Кім де кім темір тордың артына жазықсыз барып келген болса, өзіне үкім шығарған судьяны, тергеушіні қарғаса болады. Бұл сіздердің қақыларыңыз. Бірақ кешіріп, оларға дұға тілесеңіздер де болады.

Сәъат ибн Уақас радиаллаһу әнху әкім болып қызмет етеді. Оған бірнеше айыптар тағылады. Сол кезде Меккеден Омар радиаллаһу әнху комиссия жібереді. Тексеріп, ешбір жамандық, кемшілікті таба алмайды.

Сөйтіп Сәъат ибн Уақас өз еркімен қызметін босатып, Меккеге қайтқанда, өзіне жала жапқандарды қарғайды. «Сенің ғұмырың ұзақ болсын және кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүр. Көзің соқыр боп қалсын» дейді.

Әлгі кісі ұзақ өмір сүрді, соқыр болды, жоқшылықта әркімнің босағасында өмірі үзілді дейді. Бірнеше жыл өткенде, қартайғанда Сәъат ибн Уақастың өзі соқыр боп қалады. Оған өз қарғысы қайтып келмеген.

Сәъат сияқты бірнеше сахаба болған. Дәрет алғанда, олар Алладан қорыққаны сонша, тозаққа күймесін деп көзінің ішін де жуған екен» деген уағызшы Ержан әрі қарай намаз оқығандардың сапта тұрып жәннат, тозақты көретіндерін де тілге тиек етті.

Фото видеодан скринделіп алынды.