«Мұғалім әлдебір жобамен шапқылап жүргенде, оқушылар қараусыз қалды» дейді мұғалім

0
1122

Биліктегілер үшін “шулатқан біреулердің” де ойлағаны мыңдаған мұғалім мен мыңдаған оқушының қамы:

1) мұғалім күніне аз дегенде 3-4 сабақ береді, сол 3-4 сабағына дайындалады

2) Сол сабақтарының ресурстарын дайындайды және оқушыға кері байланыс береді, дәптерлерін, лабаротариялық жұмыстарын тексереді, бағалайды,күнделік -журналға бағасын қояды.

3) сынып жетекшілік міндетін атқарады, сабаққа келмегенді анықтайды, ата-анамен байланысады.

Бұның бәрі таңғы 07.45-тен басталып, 23:00-де аяқталатын әрекеттер.

Ендеше, модульдарды оқитын уақыты бар ма? Модульді оқыса, мына аталған міндеттер орындала ма?!

Оқушы қараусыз қалды. Сондықтан да қыркүйек айында бірнеше оқушы суицид жасады, Астанада қараусыз қалған оқушылар жаппай төбелесті.

Келесі айтпағым, мұғалімдер тест тапсырып, аттестациядан өтті, енді 48 күн демалыстан келе сала тағы тест тапсырып отыр. Оның несі пайдалы болды?!

Енді “нысаналы мектеп” оқу материалы да тест тапсырмасының мазмұны, құрылымы, қиындық деңгейі, тапсырма түрі PIZA тапсырмаларының деңгейіне маңайламайды.

Мүлде төмен. Сонда мыңдаған оқушыны қараусыз қалдырып, модуль оқып, тест тапсырып, мұғалімнің уақытын неге алып отыр, анау қыруар ақшаны мемлекеттің қазынасынан алу үшін бе?!

Оның есесіне 2016 жыды енгізілген жаңартылған бағдарламаның мониторингісін жасап, оқушыға PIZA деңгейіндегі білім беретіндей бағдарлама жасалмай ма?!

Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.