Қазір білім саласында жобалармен ұрандатын кез емес

0
455

Оқу жылы басталысымен білім беру саласы ас үйдің басындағы әңгімеге айналады. Мектептегі оқушыдан бастап (Казахстания) депутатқа дейін (оқулық неге жылда шығарылады) ерінбей жарасын тырнайды.

Білім беру саласының дерті желшешек (ветрянка) сияқты. Бір сәтте «денесін» қотыр басады да, індет сияқты жайылып, күйдіргесін бір сәтте басылады.

Соңғы күндері нысаналы мектеп, мақсатты мектеп туралы жиі айтылып кетті. Әңгіме қаржы, заңдылығы, мазмұны (ұйымдастырылуы, өткізілуі, нәтижесі) жайлы көбінесе.

Әрине, жобаның мақсаты айқын. Көрсеткіші төмен, жабдығы жұпыны мектептердің сапасын арттыру. Сонда неге бұл жобаға риза болмай жатыр тұтынушылар, депутаттар?

Депутаттарға тіпті таңым бар. Ол жоба қабылданғанша ай қарады ма? Ірі қаржы бөлінеді ғой. Сол қаржыны мақұлдайтын өздері емес па? Әлде республикалық бюджет өз бетінше бекітіле береді ма?

Жақсы, бөлінсін қаржы. Қайда кетпей жатыр. Бірақ, сол мектептер анықталғанда, төмен сапаның себеп-салдары анықталды ма? Не әсер етті? Әлеуметтік-экономикалық жағдай? педагогикалық-психологиялық ахуал?

Материалдық-техникалық база? Не? «Жайлы мектеп» жобасын ауызға алғанда сол мектептер қайда қалды? Негізі, елдегі 8 мыңға жуық мемлекеттік мектептердің барлығы жайлы, мақсатты болуы керек емес па? Бұл мектептер биылға дейін аттестацияны қалай өтіп келді? Аттестацияны өткізген кімдер?

Мүмкін, мақсатты мектептен бұрын, жақсы атты мектеп деген дұрыс боларма еді?! Бөлінген қаржыны мектепке мақсатты жұмсап, ауыртаплықты ұжымның өзіне салған дұрыс болар ма еді? Мысалы, алдағы 3 жылда мектептің білім сапасын көтерсеңіздер осындай игіліктерге ие боласыздар деп ынталандырса, мектептің әлі жетпес па еді? Сонда мұғалімдерді де, емтихан тапсырмасаңдар жұмыстан шығарамыз қорқытудың да қажеті болмас па еді?!

Біз себептердің алдын алмаймыз, салдарымен күресеміз. Барлық қаржы мен күшті нысаналы, мақсатты, жайлы мектептерге жұмсағанда басқаларының сапасы төмендеп кетпейтініне кім кепіл?! Сырты былай тұрсын, Астананың ортасында білім алудың қолжетімділігі екіталай.

Соңғы жылдары біраз нәрселерді аяқ асты, ат үсті өзгертті. Артық қыламыз деп, тыртық қылған жердлер де аз емес.

Соның бірі кешегі депутаттың сұрағынан туындаған жағдай. «Оқулықтар неге жылда шығарылады»-деп сұрақ қойғанда, депутатымыздың деңгейі осы болса басқасынан не үміт, не қайыр деп қынжыласың. «Мына оқулықтардың ішіндегі мазмұны әртүрлі»-деп сұрағанда, болашақ тіпті бұлдырап кетті.

Сол депутатқа қоятын сауалым бар?

— Сен неге киіміңді жылда емес, тіпті күнде ауыстырасың?

— Неге үйіңді жаңартасың?

— Неге үйіде бәрің бірдей киінбеісіңдер?

Сен білесің бе, жаңартылған оқулықтардың соңғысы бес жыл бұрын шыққанын? Сенің киімің күнде тозса, 2016-шы жылдан бері әр класқа шыққан оқулықтар тозды, мазмұны ескірді деп ойламайсың ба?

Ол оқулықтарды шығаруға барлық заңды ысырып қойып тыйым салғандарың ойландырмайды ма? Ол балалар салық төлеп отырған осы халықтың балалары. Сонда сапалы білімді талап ете тұра, сапалы ортадан айырып отырмын деп ойламайсың ба?

Сенің үйіңде барлығың өзіңе ұнаған киімді, телефонды, көлікті аласың. Бірің ауди, бірің тойота, бірің геленвагенмен жүресің. Сонда неге оқушылардың барлығы бір оқулықпен оқуы керек? Неге авторлар бірдей жазуы керек?

«Детальдары» бір болғанымен «дизайны» әр тұрлі болуы мүмкін емес пе? Сол парламентте бәрің шалбар-көйлек кигенмен, түсі де, фасоны да, фирмасы да әр түрлі емес па?

Білім саласы туралы айтқанда үнемі мазмұнына акцент қоямын. Бірақ сіздер сол мазмұнның не екенін түсінбейтіндеріңізге көзім жетті.

Өйткені, нысаналы, мақсатты мектептердің пайда болу бірден бір себебі ол сапалы қызмет көрсету мен сапалы игіліктермен жабдықталуында деп білемін.

Мұғалімге келсек, егер мұғалім білімсіз десеңіз, онда ең әуелі оларды оқытқан, біліктілігін арттырған, әдістемелік қызмет көрсеткен, жылдар бойы басқарған әкімшілік-әдістемелік «әлеуетінен» сұраңыз.

Егер оқушының деңгейі төмен болғанын мұғалімнен көрсеңіз, онда мұғалімнің кәсіби сапасының төмендігін дайындағпн, іріктеген басқарушыларынан сұрау керек.

Егер, емтихан тапсыра алмай жұмыстан шығарсаңыз, онда сол емтиханды талап ете тұра дайындай ала алмаған басқарушыларын да жұмыстан шығару керек.

Қазір, білім саласында жобалармен ұрандатын кез емес. Қазір ең маңыздысы саланың жүйесін бір қалыпқа келтіріп, психологиялық ахуалды жаппай қолға алу қажет. Оған дәлел, осы бейбіт заманда қыршын жастарын қиған жастар.

Дана РАУ, білікті ұстаз.

Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.