«Мақсатты мектеп» жобасы көзімізді соқыр етіп, өзімізді құлатып өлтіретін шығар…
Мұғалімдердің жанайқайын ешкім түсініп отырған жоқ. Мұғалім денсаулығын ешкім ойлап отырған жоқ. Көп мамандықтар секілді, күндіз жұмыс істеп, кешке үйге келгенде отбасына қарап, ас-ауқатын жасап ішіп, жата қалып тынығып жатқан мұғалім жоқ.
Үйге кіргеннен дәптер тексеру, басқа да құжаттар толтыру, болмайтын отчеттар өткізу, түннің біруағына дейін ноутбукке қадалып отырғанымыз аздай. «Күнделік кз» тоқтап, «білімкласс» қосылды, енді оны толтырумен әуре-сарсаң.
Бірін біліп, бірін білмей. Қарбаласып бжб, тжб жұмыстары, ол жатыр үйіліп. Денсаулық болса, ол тұр, күніге сыр беріп. Адамның берекетін алатын «Мақсатты мектеп» жобасын неге тоқтатпайсыздар.
Давлениемен диспансерлік есепте тұрамын, қазірдің өзінде қағаз жазуға мұрша келтірмей, бас деген сынып бара жатыр. Тегін дәрі беріп тұрады, есепте тұрғандықтан. Күнделікті дәрі ішумен күніміз өтеді.
Жасымыз келсе пенсияға шығып кетер едік. Оған жас жетпейді, пенсия жасын да үйіп-төгіп созып жатырсыздар. Модуль қараймыз, өзіндік жұмыстарын орындап, тест толтырамыз деп, не оларды дұрыс енгізе алмайсың, қаншама уақыт.
Ұйқы жайына қалды. Осылай жүре берсек, давлениемен құлап, өлетін шығармыз. Давлениеден бөлек, қаншама рет отадан өттім, үш ай сайын тексеруден өтіп тұрамын. Бұның бәрі ойыншық па?
Неге адамның денсаулығымен ойнайсыздар? Жарайды, оқытсын, әдістемелік көмек берсін. Үйретсін. Бірақ «келіп сабағыңа қатысып, қырып жояды, өте алмасаңдар жұмыстан кетесіңдер» деген қорқытуды қойыңыздар.
Мұғалімдерді қажай бергенше, мектептің материалдық базасын дұрыстап беріңіздер. Тақта жоқ. Жасанды интеллект, керемет етіп өтетін еш мүмкіндік жоқ.
Тоқтатылсын, қарсымыз. Өзіміз көзілдірік тағамыз астегматик, мына жобадан кейін тіптім, соқыр болдық. Тоқтатыңыздар!
Авторы — Айымжан ҚЫДЫР.
Фото көрнекілік үшін алынды.