Ернұр Дәуенов талғарлық мұғалімдерге не айтты?

0
784

«Мақсатты мектеп» жобасының түсіндірме жұмысы үшін Астанадан Алматының Талғарына келген Оқу ағарту министрлігінің өкілі Ернұр Дәуенов мұғалімдерге не түсіндірді?

Талғардағы №9 мектептің мұғалімі Сәния Нүсіпәлі Democrat.kz. сайтының бұл сұрағына:

» Талғар қаласы, Т. Рысқұлов атындағы  №9 жалпы білім беретін орта мектепке, министрлік өкілі Ернұр Дәуенов, Сарапшы Дана Рау , облыстық дарын әдіскерлік орталығынан біреу, аудандық білім бөлімінің басшысы Айнагул Мұқанқызы келді.

Дауенов білім сапасы бойынша жалпы сипаттама берді. Тыңдадық.

Мен сұрақ қойдым. Заңсыз жоба- 2003 жылы Қазақстанға келгені туралы, кейін аяқсыз қалғанын айтып едім, секіріп мойындамады. «Нысаналы» дегенді дереу «мақсатты» деп өзгертудің себебі, осы дерекке байланысты емес пе? -деген сұраққа нақты жауап алмадық.

Мектептің бағалау индексі  дұрыс бағаланбай, кіріп кеткені туралы сұрақ қойылды. Барлық критерийлерге сәйкес келмеген мектеп не үшін, нысанаға кірді? Бұған, бағалау индексі дұрыс болмаған деді. Аудандық білім бөлімінің басшысы бұған ләм-лим деген жоқ. Бұл мәселені шешіп беруді талап еттік.

Жоба туралы. Бұрынғы жобалардан өзгерек деген, министрлік өкіліне, ешқандай өзгешелігі жоқ екенін, осыған дейінгі жобалардың нәтижесі болса, не үшін білім сапасы төмен дегенді  әріптестерім айтты. Сыдырғы ақталған жауап алдық.

Тестке бармаса не болады?- деген сұраққа «ештеңе болмайды. Ешкім қудаламайды» деп жауап берді Дәуенов.

Сарапшы, Дана Рау екі ұшты сөз сөйледі. Жобаның заңсыз екенін фб желісінде жазған сарапшы, мектепке келгенде, жоба енген соң жалғастыру керек деген сыңайлы, екі ұшты пікір білдірді. Оны мен түсіне алмадым. Өзінің парақшасында жазғаны бөлек, министрлік өкілі алдында сөзі бөлек болғаны үшін сарапшыдан көңілім қалды.

Соңында ешқандай шешім айтқан жоқ. Біз өз пікірімізде қалатынымызды айттық. Өкілдер асығыс, келесі мектепке кетті»,- дейді.

Демек, министрлік өкілі де, жергілікті білім бөлімінің басшылары да Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс мектебіндегі жиын секілді Талғардағы мектепте де «сыдыртпа жауаппен» жұмыстарын бітірген екен.

Ал бір қуантарлығы — білім саласының басшы-қосшылары барған жерінің бәрінде «Мақсатты мектеп» жобасының тестіне бармаған мұғалімге ешқандай қысым жасалмайтынын, мұғалімнің өз еркінде екенін шегелеп айтудан танбапты.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.