Әйелдің орны — бірінші сатыда тұруға тиіс

0
396

Биология ғылымы бойынша аналық жыныс бірінші пайда болған. Аталық жыныс функциясы гендердің түрленуін сақтауға көмектесетін қосымша жыныс.

Тіршілік атаулының ұрпақ өрбітуінде аналық жыныс негізі рол ойнайды.

Тіпті кейбір тіршілік иелерінің, аналық жынысы ұрпақ өрбіту сәтінен кейін өзінің тіршілік етуін тоқтатады.

Мысалы: кета деген балық уылдырық шашқаннан кейін өзі тіршілік етуін тоқтатады.

Бұл балық шынында да дара батыр,

Әне, оған жақын тұр заман ақыр,

Соның бәрін біледі ол,

Біле тұра уылдырық шашуға бара жатыр…

дейтін, Мұқтар Шаханов атамыздың кета балық ерлігі туралы өлеңіде бар.

Сәби ана құрсағында анасымен бірге мұңайып, бірге қуанып, анасы жұтқан ауамен бірге тыныстап, жүректері бірге соғып мынау ғаламдағы ең жақын жан иелеріне айналады.

Сол үшін де ананың балаға, баланың анаға деген махаббатынан асқан махаббат жер әлемде болмайды.

Біз әкелерде ұрпақ үшін шығарда жанымыз бөлек.

Бірақ ананың балаға деген махаббатына теңеу таппайсың.

Еркектер жазған ертегіні құндылық етіп алған қоғамдар, ананың (әйелдің, қыздың) орнын екінші сатыға ысырып тастаған.

Олар әйелді ұрпақ өрбітетін апарат сияқты қарайды.

«Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық. Әйел бастаған көш оңбайды. т.б» мақал-мәтелге дейін шығарып алған.

Осындай әйел құқығы тапталған елдерде теңдік туралы айтылса, «Енді әйелдер құтыратын болды» деп, анадан тумағандай еркектер бөрінің артындай шулап шығады.

Баланың өмірге келуінде ғылыми тұрығдан аталық жынысқа қарағанда, аналық жыныстың орыны ерекше.

Тар құрсағына сыйғызып өмірге әкелген ұрпағына, моральдық тұрғыдан ананың орыны ерекше.

Енді неге қоғамда олардың орыны екінші сатыда болу керек.

Қайта қоғамда ананың (әйелдің, қыздың) орыны бірінші болғанда нығыз теңдік болады.

Арман АЛАШ, Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.