Әйел күйеуін себепсіз тастап кетпейді

0
790

Жеңгем Алматыға алты баласын алып тағы қашып кетті. Пәтер жалдап жүр. Ауылдағы үйде газ, су бар. Ағам екеуі айрандай ұйып , қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған.

Сіңлісі балаларыңды алып кел деп үгіттепті. Міне тағы қашып кетті. Жалдаған пәтерін көргенде жүрек айныды. Алты бала ашпыз, алып кет деп аяғымызға жабысып қалды.

Қайынсіңлілері 39 жастағы әйелге ақыл айтып ұрысыпты.

Енді бұлардың мақсаты біреу. Алты баланың анасын үйіне апарып, ағасына жеткізіп, екеуін қосу. Ол еркекке алты баласын да туысқандары апарып берді.

Жұбайы төртінші мәрте төркініне қашып кеткен ері сүттен ақ, судан таза дегенге сенгім келмейді. Жұбайлар екеуі ғана білетін түйіткілдердің тігісін жатқызуға 4 мәрте әрекет етпеді. Әйел отбасындағы проблемалардан қашып құтылғысы келеді.

Алматыдан мың шақырым жердегі ауылда ағам ажыраспаймын деп жылап отыр дейді қарындасы. Ағайын-тусына көз жасын көлдей қылып төгіп , әйелін кешіруге дайынмын деп сәбидей пәк болғысы келетін еркектің әрекеті маған мүлдем түсініксіз.

Ол әйелімен неге сөйлеспейді? Іздеп неге келмейді? Әйел де уәжін ешкім тыңдамаған соң , бәрінен үнсіз құтылу принципін ұстанған сияқты.

Өкінішке қарай соңғы кездері көпбалалы әйелдердің үйден қашуы белең алып барады. Ал балалардың құқығын қорғайтын қорғаншылық, кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлардың жұмысы шала.

Көңіл толмайды. Мұндай ата-аналар заң бойынша алимент төлеу керек. Екеуі де балаларын асырау, тәрбиелеуді қаламаса, балалар құқығын қорғайтын мамандарға жүгіну керек.

Бір түсінгенім, ерінен кеткен әйел оған қайтып оралмайды. Жеті, сегіз баласын тастап, басы ауған жаққа кеткен әйелдерді көрдік. Сұхбаттастық.

Он сегіз, он жеті жасында тұрмыс құрып, мамандық меңгермеген көбісі. Күйеуі де оқымаған, жалданып тиын-тебен табады.

Алматы облысындағы “Дағдарыс орталығының “ директоры Раушан Қуандықова тұрмыстық зорлық зомбылықтан жәбірленіп, үйінен бала-шағасымен бас сауғалаған әйелдердің дені осындай ерлі-зайыптылар деген еді.

Тек балаларға обал.

Жазира БЕГАЛЫ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.