Мұғалімді қинағаннан басшылар ләззат ала ма?

0
986

Үш-төрт күн бұрын Күнделіктің басшысы Мұхтармен сөйлестім. Көп жерде күнделікке енді ҚМЖ ны жүктеуді талап етіп жатыр екен. Күнделіктің толтырылу рейтингісіне әсер етеді дейді.

Мұхтардан тура осы мәселені сұрадым.

Шынымен ҚМЖ жүктемесе толтырылу рейтингісі төмен болады ма? Жоқ ,бір грамм да әсер етпейді деді.

Әсер етпесе неге толтыру туралы графаны енгіздіңдер деп тағы сұрадым. Мұхтар айтады,аға ол сонау карантин кезінде енгізілген ,сонан бері қалып отыр. Кәзір карантин жоқ. Оны толтыру бүгінгі күні міндетті емес деді.

Әңгімемізге куә болу үшін қасымда жас мұғалім тұрған. Сол да естіді. Меніңше Мұхтар да маған айтқанын қайталайтын шығар? Егер керегі жоқ болса неге сол графаны алып тастамайсыңдар деп сұрау ойыма келмепті. Бірақ біліп тұрмын не деп жауап беретінін. Егер форс-мажор жағдай болса пайдалануға болады деп ойлаймын.

Сонда деймін де, мұғалімнің сабақ жоспары болса,ол жоспармен күнде сабақ өтсе күнделікке неге жүктейді? Кімге жүктейді? Зерделеу тобына ма?(комиссия деп айтпаймыз кәзір)Ол топқа былай да көрсетеді.

Қағаз түрде немесе электронды вариантын!!!

Әлде мұғалімнің пайдасыз артық жұмыс істеуінен басшылар ләззәт алады ма? Садизм сияқты. Білетіндердің айтуына қарағанда оны жүктеу дегеннің өзі геморрой екен.Және біздің шала-жансар интернетіміз де оған мүмкіндік бермейді . Күнделік КЗ өзіме ұнайды.

Ал Шымкент,Алматы облыстары күнделіктен бас тартып жатыр екен. Маған жеткен хабарларға қарағанда жаңа платформа Билим класс деп аталады.

Шымкентті білмеймін ,Алматы облысы екінші тоқсаннан бастап көшеді. Бірінші тоқсанның бағасы күнделікте ,екінші тоқсанның бағасы «Билим класта». Қалай ә? Қызық.

Әрине бірінші тоқсанның миллиондаған бағасын әлгі класқа көшіртуі мүмкін. Ол деген қаншама жұмыс. Облыстағы интернет жұмысының сапасын еске алсақ , бұл талай адамның нервісін жейтіні сөзсіз.

Ал бастықтар ше? Мұғалімнің қиналғаны олар үшін не екенін жоғарыда айтқанмын. Нирвана. Басқа платформаға өтсе өтсін. Бірақ соны жаңа оқу жылы басталғанда енгізсе болмады ма екен? Сол маған қызық.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.