«Өздерің де сорлысыңдар ғой» дейді жас мұғалім (ВИДЕО)

0
488

ТикТок әлеуметтік желісінде басқаша пікірлерімен танымалдығы артқан жас мұғалім Бақытжан келесі бір көзқарасымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Қазір қоғамда талқыға түсіп жатқан «Хеллоуин мерекесіне» қатысты ойын айтқан Бақытжан: «Айтса, айтты дейсіңдер. Неменеге Хеллоуинді харам деп…жау шаптырып…ол бар болғаны — маскарад, карнавал. Солай деп қараңдаршы», — деген Бақытжан бұл мерекенің тарихын түсіндіріп: «Бұл мерекеде балалар бар болғаны көңіл көтереді. Басқа түк жоқ. Оны шулатып, сөз етіп отырып, пропаганда жасап отырған өздерің сорлысыңдар ғой», — дейді мұғалім.

Хеллоуин мерекесін тойлаған баланың Кельт дүниетанымына ауысып кетпейтінін, дәл осыған ұқсас жаңа жылды да тойлағаннан ешкім шоқынып, шіркеуге кетпейтінін мысалға келтірген жас мұғалім болмашы дүниені проблемаға айналдырмауды айтады.

Фото видеодан скринделіп алынды.