Адамдары мүлде өтірік сөйлемейтін ел
Жапония еш асырып мақтау айтпай-ақ, өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар, дәстүрлерін заман көшінен оздырмаса, қалдырмай жарастырған ел екені даусыз.
Жапондар өз ана тілдерінде бір-екі ауыз сөз айта алған адамды аса қатты құрметтейді. Өйткені олар бұл тілді үйрену еш мүмкін емес деп санайды.
Жапон тіліндегі тілдейтін, ең ауыр қарғыс сөз «ақымақ» және «жарымес» деген сияқты сөздер.
Жапондықтар үнемі тамақ туралы әңгіме айтқанды жөн көреді, әсіресе, тамақтануға отырған кезде өздеріне астың қалай ұнағанын үнемі ортаға салады. Кешкі асты ішіп отырып бірнеше рет «өте дәмді» おいしい [oishī] деп айтпау — өте мәдениетсіздік болар еді.
Жапонияда шайпұл беру мүлдем жөн саналмайды. Клиент қызметтің белгіленген бағасын төлеп тұрған кезінде, сатушымен тең дәрежеде тұрады деп саналады. Ал егер сіз алда-жалда біздегідей шайпұл тастап кеткен болсаңыз, онда ол өзіңізге жасалған қызметке көңіліңіздің толмағанын яки қызметкерді кемсіткеніңіз болып саналар еді.
Токио қаласы – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Токиода жүрудің қауіпсіз болғаны соншалықты, алты жасар балалар қоғамдық көлікте жеке өздері жүре береді.
Жапонияда келісім жасы – 13 жас. Бұл осы айтылған жасқа жеткендегі ерікті жыныстық қатынас зорлауға жатпайтынын білдіреді.
Жапондықтар – ақылға сыймастай еңбекқор, тыным таппайтын жандар, олар жайдан-жай түскі асын ішпей-ақ күніне 15-18 сағат жұмыс істей беруі мүмкін. Ал сіз мұражайда, метрода, аялдамада, тіпті жұмыс арасында да көз шырымын алып отырған жапондықтарды көрсеңіз, еш таңырқаудың реті жоқ.
Жапонияда жұмысқа тура уақытында келу жаман мінез саналады. Жұмыс орнында адам кемінде жарты сағат ерте болуы керек.
Жапонияның солтүстік қалаларында тротуарлардың барлығы жылытқышпен жасалынған, сондықтан да бұл жерлерде ешқашан көктайғақ болмайды.
Жапонияның көшелерінде (тіпті дәріхана, дүкендерде де) қолшатырлар салынған құмыраларды жиі көруге болады. Егер жауын құйып кетсе, олардың біреуін алуға болады, сосын жауын тоқтағанда жақын маңдағы құмыралардың біріне салып кетіңіз.
Әрбір екінші жапон суретті керемет сала алады және әнді де жақсы орындайды. Бір жағынан, бұл балаларды тәрбиелеу жүйесінің нәтижесі – оларды алдымен сурет салуға және ән сала білуге үйретеді, содан кейін барып сөйлеу мен жаза білуге баулиды.
Жапонияда оқу жылы бірінші сәуірден басталады. Айтпақшы, жапон тілінде айлардың атауы жоқ, олардың орнына жапондықтар реттік санмен бірінші ай, екінші ай… он екінші ай деп атайды.
Жапондықтар онсэн 温泉 [onsen] (Hot Springs) деп аталатын ыстық қайнар бұлақтар мен көпшілік моншаларды өте жақсы көреді.
Барлық үйлерде, көптеген ауруханаларда, мейрамханалардың көбінде және кейбір кеңселерде аяқ киімді шешу керек. Сондықтан да нәски әрдайым бүтін болғаны дұрыс.
Егер сіз аяқ киіміңізді шешсеңіз, оның тұмсығын есікке қаратып қоюыңыз керек, әйтпесе ол көргенсіздік саналады.
Егер бұлай жасамасаңыз, оны Сіздің орныңызға үйдің қожайыны немесе қызметкер жасайды.
Жапонияда адамдар өте адал. Олар ешқашан жалған сөйлеу дегенді білмейді және не айтсаңыз да баладай сенгіш келеді. Егер сіз әмияныңызды ақшаңызбен жоғалтып алсаңыз, оның табылған мүліктер бюросына апарып берілу ықтималдылығы 90% деуге болады.
Жапонияда жер сілкінісі кезінде тонаушылық мүлдем болмайды. Неге десеңіз, онда бір пункт жоғарыда жазылғанды оқыңыз.
Жапондардың дұрыс тамақтану әдебін ұстанатынын бұл елдегі артық салмаққа ие адамдардың кездеспейтіндігі айғақтап тұратындай.
Жапондар өз сезімдерін ашық көрсетуге келгенде өте ұялшақ. Көпшілігіне „мен сізді сүйемін!„ деп айту нағыз ерлікпен пара-пар.
Елдегі әрбір үшінші отбасы ата-ананың арнайы қарауымен және құда түсудің нәтижесінде дүниеге келген некеден тұрады.
Жапондар өте тазалық сүйгіш халық. Сөйте тұра, отбасында неше жан басы бар екеніне қарамастан, бір ваннаға бәрі де кезекпен суын ауыстырмай түседі, әрине, оның алдында душқа жуынып алады.
Іс жүзінде жапондар ешқашан қонақтарын үйге шақырмайды. „Келіп кетерсіз!„ дегенді жай ғана сөздің мысалы деп түсініңіз.
Жапон отбасында ағасы мен қарындасының мүлдем сөйлеспеуі, тіпті бір-бірінің телефон нөмірін білмеуі қалыпты жағдай саналады.
Жапондықтардың зейнетақысы өте төмен. Әр адам өзінің қартайған шағын өзі қамтамасыз етуі керек.
Жапония көшелерінде тұрған қоқыс тастайтын жәшіктерін көрмейсіз. Барлық қоқысты жапондар сорттары бойынша төрт түрге — шыны, жанатын, қайта өңдеуге жарайтын, жанбайтындары деп бөліп, арнайы ыдыстарына салады.
Кейбір шапшаң жүретін пойыздарда кондуктор ішке кіргенде алдымен бас киімін шешіп, иіліп амандасып, содан соң барып билет тексереді.
Жапонияда 100-жылдық мерейтойын атап өткен 50 мыңнан астам адам өмір сүреді. Елде өмір сүру ұзақтығының ең жоғары деңгейі – 83,7 жас.
Жапонияда әлемдегі ең жылдам пойыздардың бірі қатынайды. Олардың кестеден ауытқуы әдетте 18 секундтан аспайды. Сонымен қатар, магнитті көпшіктегі пойыз жылдамдықты 603 км / сағ дейін көбейтуге қабілетті. Бұл абсолютті рекорд.
Жапондықтар қоғамдық орындарда, тіпті жұмыс орнында жиі ұйықтайды. Бұл тәжірибе инэмури деп аталады. Бір қызығы, басшылар қол астындағы қызметкерлері компьютерге бүкшиіп ұйықтап жатса, ескерту жасамайды екен. Өйткені, олар ауыр жұмыстан зорыққан деп есептеледі.
Жапониядағы ұялы телефондардың 90% су өткізбейді. Себебі, жастар оларды тіпті душта да қолданады.
Авторы — Гүлжахан АСАНКЕЛДІ.
Әлеуметтік желіден алынды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.