Биыл ажырасқандар саны былтырғыдан көп пе?

0
253

Биыл елімізде алғашқы жарты жыл ішінде 95 ​​мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. 9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.

«Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты», — делінген хабарламада.

2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

«2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 6,5%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 19,9%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде – Астана (52853 адам), Алматы (26157 адам), Шымкент (5948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты», — деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.