Оқушыға «адамды Алла жаратты» деп оқыту керек пе?

0
623

Әлеуметтік желідегі «Қазақстан ұстаздары» тобына Дархан Иманқұлов деген желі қолданушы мұғалімдерге сауал тастапты деп жазады Democrat.kz.

«Мектеп бағдарламасында не жазылып жатқанынан хабардарсыздар ма, ұстаздар? Мысалы тәнтану пәнінде адам қалай жаратылды деген сұрақтың жауабы қандай?

Мен оқыған 99-2000 жылдары, адам маймылдан жаратылған деп оқытты. Аталарымыз, Алла алғаш Адамды саз балшықтан жаратты, кейін оған рухын үрледі, солай адам пайда болды, десе де.

Дарвиннің сол теориясын батыс ғалымдары теріске шығарды, біз неге әлі сол ескі темада жүрміз. Ау, 21-ші ғасыр емес па, муфтият бар, құран қолымызда тұр, неге балалардың миын ашытып жүрміз.

Бұрын 6-7 класста өсімдіктану, 8-9 класста жануартану, 10-шы класста тәнтану өтетінбіз. 9-шы кластың биология кітабын көрдіңіздер ма, наурыз көже ғой айналайын-ау, бір кітапта, биология, зоология, анатомия да бар.

Әлі күнге дейін балаларымызды маймылдан жаралдыңдар деп оқытасыздар ма, айтыңыздаршы?» деп сауал тастапты Дархан Иманқұлов.

Автордың жазбасының ешбір қате тұсын түзетпеген күйі назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Сіз бұл сауалға не айтасыз, Democrat.kz. сайтының көзі ашық, сауатты оқырманы?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.