Оқушының дәптерін жыртқан мұғалімнің әрекетіне не айтамыз?

0
459

Әлеуметтік желіде оқушының дәптерін жыртқан мұғалімнің әрекеті жөнінде қызу талқы болып жатыр деп жазады Democrat.kz.

«4-сынып оқитын ұлымның дәптері. Көріп тұрғандарыңыздай жағдай. Сабақ үстінде орыс тілі мұғалімі жыртқан.

Онысымен қоймай «енді мамаң 50т қиятын шығар дәптерге»деп дүрсе қоя берген. Дәптер қыркүйектен басталған, ешқандай мұғалімнің тексерілген белгісі жоқ.

Қай бұйрықта көрсетілген дәптер жырту керек, дәптер толмаса, жазу тап таза жаңасын бастау…?

Үй бикесі болар, жаңа мұғалім екен, мұғалімдік тактика, әдеп қайда?

Бәлкім не бопты дейсіз жооооқ , бұл іс-әрекетінің бір отбасының тәрбиесіне күмән келтіріп отырғанын сезе ме?

Ұлым мама сонда сізді «бейшара»деп тұр ма дейді. 2-рет осындай сұмдық жағдай. Мұғалім шатасып видео салды, мен көріп үлгердім, ол өшіріп үлгерді.

Не деген сұмдық десем, тұшымды жауап жоқ, өзін ақтап алу үшін, түрлі сөйлем құрады. «Қоя салшы» деп қояды…өзіме

Аптасына 2 рет сабаққа кіреді , 45-мин. дұрыстап егілік жаса.

Мен, балаларым сабақта, қауіпсіз жерде деп бейқам жұмыста жүрем. Ал мұғалімнің іс әрекеті мынау, баланың меселін қайтарып.

Енді айтшы, жанарында оты бар оқушыны қайдан шығарасың осындай бассыздығыңмен? Мұғалімді жақтайтынмын, артық миын ашытпа деп.

Ал бұл жағдайға көзімді жұма алмаймын.

Түн ұйқым бөлінді уайымнан, мұғалім, балаға анасы туралы не ой салдың?»

Маржан НАУБАЕВА, ата-ана.

Facebook жазбасы.

Фотокөрнекілік үшін интернеттен алынды.