Жақияновтың енді әруақпен алыса бастағаны қалай?
Тоқтасынов өмірден озғалы күні кеше болса да, серіктесімен бірге бірігіп алып марқұмның отбасына қайта шабуылға көшіпті.
Былыққа батқан, аты шулы Талғар ауданы арқылы сотқа беріпті. Алматыда ұтылып қалған ол сот шешімін Талғар ауданынан қайта қаратып, тіпті заңсыз жеңіске жетіп отыр.
Былығы басынан асқан ауданға тіркеліп алып сотқа бергенде, сол жақта жеңіске жетеріне әбден сенімді болып тұр ғой. Қандай жолмен екенін ішіңіз сезетін шығар.
Қазақ — әруағын сыйлаған ел. Ал Жақиянов мырзаның қазақтың қарапайым ғана осы қастерлі түсінігінен хабарсыз деуге сенгіміз келмейді.
Төлен ағаның жаман дертпен ауырып өмір үшін күресіп арпаласқан соңғы кездерін бүкіл ел біледі. Жақияновтардың да тарапы хабардар. Сонда да қатты сырқат адамды сотқа беруін тоқтатпағаны таң қалдырады. Адамгершілік деген де болуы керек шығар.
Және сот процесстері кезінде бірде-бір рет Жақиянов қатыспады. Ал Төлен Тоқтасынов бәрінде жүрді. Жақияновты сотта бетпе-бет жүздесуге талай шақырды. Ал Ғалымжанның келуге, беттесуге дәті шыдамайды. Тек “Ескі Қазақстанның” күшіне сеніп сотқа беруін жалғастыра берді.
Төлен Тоқтасынов қарсы сотқа беріп, қарымта қайтарып үлгермеді. Үлгермей қайтыс болып кетті. “Талай былықтың беті ашылады. Құжаттар, дәлелдер жеткілікті” деп жүр еді марқұм.
Бірақ шындық ерте ме, кеш пе, бәрібір мәлім болады. Ал Ғалымжан Жақиянов пен оның серіктесі Тагир Сисембаевтың дәл қазіргі әрекеті қазақ болмысына, табиғатына мүлде жат екенін айтқымыз келеді.
Арман ӘУБӘКІР, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.