Мешіті бар коллекциялық монеталар шығарылды

0
135

Ұлттық Банк «Қазақстанның мешіттері мен соборлары» сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және «Сиқырлы рәміздер» сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, FATIMA QOLY – 2024 жылғы 28 қарашадан бастап шығады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Астананың орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Монетаның дизайнында Астана орталық мешітінің стильдендірілген бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 дана.

FATIMA QOLY монетасы – «Сиқырлы рәміздер» сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайны әртүрлі елдердің мәдениеттерінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының стильдендірілген ою-өрнекті бейнесіне негізделген.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, көне күміс сапасы, номиналы – 1000 теңге, таралымы 3000 – дана.

Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында  аудару, өзгерту және айырбастау үшін қабылдануға міндетті. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалды.