Оңтүстік Кореяда қазақтар тұзаққа түсіп қалды

0
204

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған қазақтар абайсызда тұзаққа түсіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Әлдебір балмаскарад болады деп Оңтүстік Кореяда жүрген қазақтар бір бірін сол мерекелік шоуға шақырыпты. Балмаскарадқа жиналған қазақтардың ішінде виза мерзімі өтіп, елде заңсыз жүргендері де болған. Міне, соларды балмаскарадта арнайы полиция шақырғандар ұстатып жіберген.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяда жүрген Әсел атты қазақ қызы ТикТок әлеуметтік желісінде хабарлады. Балмаскарад әдейі ұйымдастырылған тұзақ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Алайда ақпаратты таратқан қыз «Оңтүстік Кореяда бірін бірі сату, полицияға беріп жіберу оқиғалары жиі болып жатыр. Абайлаңыздар» деп ескертті.

Фото видеодан скринделіп алынды.