Мұғалімдерді қатаң даярлаудан өткізетін елдер
Мұғалім – қоғамның болашағын қалыптастыратын негізгі тұлғалардың бірі. Олардың қоғамдағы беделі әр елде әртүрлі деңгейде бағаланады және бұл көрсеткіш мәдени, экономикалық және тарихи факторларға байланысты өзгереді.
Бұл мақалада біз әлем елдеріндегі мұғалімдердің мәртебесі мен олардың қоғамдағы орны туралы қызықты деректерді сіздерге ұсынамыз.
Мұғалімдік – әлемдегі ең көп таралған мамандықтардың бірі Дүниежүзі бойынша шамамен 80 миллионнан астам мұғалім жұмыс істейді.Ал, дамуы қарқынды Финляндия мемлекетіндегі мұғалімдік қызмет– элиталық мамандық.
Мұғалім болу өте қиын елдер
Бұл елде мұғалім болу үшін магистр дәрежесін алу міндетті және педагогикалық факультеттерге түсу өте қиын: талапкерлердің тек 10%-ы ғана қабылданады.
Мұғалімдер заңгерлер мен дәрігерлермен тең дәрежеде құрметке ие. Олардың жоғары мәртебесі фин білім беру жүйесінің әлемдегі ең үздік жүйелердің бірі болуына себепкер.
«Сенсей» ұғымымен таныс Жапония елінде бұл сөздің өзі үлкен құрметті білдіреді. Мұғалімдер елдегі ең құрметті мамандықтардың бірі болып саналады. Олар тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар балалардың тәртібі мен моральдық құндылықтарын қалыптастырушы ретінде де маңызды рөл атқарады.
Ал, оңтүстік Корея, білімге басымдық берілетін қоғам. Білім олардың – басты құндылықтарының бірі. Мұғалімдер бұл қоғамда ерекше мәртебеге ие және зейнетке шыққаннан кейін де мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болады. Бұл елде мұғалімдер 15 мамыр күні аталып өтіледі. Сондай- ақ елдегі ең маңызды мерекелердің бірі.
Мұғалімдерге ерекше қолдау көрсететін Сингапурдың білім беру жүйесі жоғары сапасымен танымал және мұғалімдер оның негізгі тірегі болып табылады.
Мұғалімдерді даярлау қатаң іріктеуден өтеді, ал олардың еңбегі жоғары жалақымен және үздіксіз кәсіби даму мүмкіндіктерімен бағаланады. Сингапур қоғамы мұғалімдерді елдің болашағын қалыптастырушы тұлға ретінде қарайды.
Ұстазға құрмет – дәстүрдің негізі ретінде, Қытайда мұғалімдер дәстүрлі тұрғыда қоғамның ең құрметті мүшелерінің бірі саналады. Ұстаздар күні олар үшін ұлттық мереке болып табылады, бұл олардың абыройын ерекше көрсетеді. Қытайда мұғалімдер тек білім беруші емес, адамгершілік пен тәрбие үлгісі ретінде де қарастырылады.
Ал, Ресейде мұғалімдік мамандық кеңестік дәуірден бері құрметке ие. Дегенмен, қазіргі уақытта мұғалімдердің жалақысы мен жұмыс шарттары туралы мәселелер жиі көтеріледі.
Мұғалімдіктің бастауы — философия
Сондай- ақ, мұғалімдік – адамзат өркениетінің ең көне әрі ең маңызды мамандықтарының бірі. Әр елдің білім беру жүйесі мен мұғалімдерге деген көзқарасы әртүрлі болғандықтан, бұл салада көптеген қызықты деректер кездеседі.
Солардың бірі, ең көне мұғалім – философтар. Мұғалімдік қызметтің тамыры ежелгі философиядан бастау алады. Ежелгі Грекиядағы Сократ, Платон және Аристотель секілді ұлы ойшылдар шәкірттерге білім мен даналық үйретіп, мұғалімдік қызметтің негізін қалады.
Автор: Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ.
Дереккөз: Democracy.kz.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.