«Мақсатты мектеп» жобасы енді «кешкі сеансын» бастапты

0
1274

Әлеуметтік желідегі «Қазақстан ұстаздары» атты топта Гузель Мамашева «Мақсатты мектеп» жобасына қатысты келесі жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Жүзге жуық пікір жазған бұл жазбада Гузель Мамашева: «Нысаналы мектеп курстарын кешке оқитын болдық па? Бұл не сұмдық? Күнде кешке 19.00-20.30 ға дейін Зуммда отырып оқиды екенбіз.Сонда жұмыстан шаршап келіп демалу,отбасымен сөйлеудің орнына сабақ оқимыз ба?Не істеуге болады?» деп сұрау салды.

Жазбаға қатысты пікір білдірген оқырманның басым бөлігі «Мақсатты мектеп» жобасының мұғалімдерді әбден мезі еткенін айтуда.

Төменде жазылған пікірлердің скриншоттарын назарларыңызға ұсынамыз.