«Ислам дінін қабылдаумен еліміз ғылым, білім, өркениетте дамыды» дейді Бас мүфти (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде Бас мүфтитің атымен ашылған парақшада Наурызбай Өтпеновтің видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
«Қазір байқасаңыздар, бізді «арапқұл» дейтіндер пайда болды. Біз — алланың құлымыз. Ислам — арабқа емес, бүкіл адамзатқа келді. Біздің бабаларымыз 8-ші ғасырдың басында қабылдады»,- деп әңгімесін бастаған Бас мүфти тарихқа шолу жасап, сонау Қарахан мемлекетін сөз етті.
«Қазақ хандығы да ислам дінін ұстанған. Бабаларымыздың барлығы дініне берік мұсылман болған. Батыс ғалымдарының да, осы түркітілдес елдердің мұсылмандықты қабылдағаннан кейін ол ел өркениетте, ғылымда ілгерілеп кетті деп жазады. Яғни, ислам дінін қабылдаумен біздің елімізде ғылым мен өркениеттің дамығанын айтады», — дейді Наурызбай қажы.
Сұрақ: Сонда ислам діні келмей тұрып, біз ешбір өркениеті жоқ жабайы, қаңғыған, жері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары мүлде жоқ халық па едік?
Фото интернеттен алынды.