Оқу ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жасады

0
10243

Оқу ағарту министрлігі қазақстандық мұғалімдерге үндеу жариялап, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, өткен аптада Оқу ағарту министрлі “бұйырған” курстың сертификаттары мұғалімдерге сатылып жатыр” деген ақпарат тараған болатын. Бұл курстың сертификаты мұғалімнің біліктілігін көтеруге септігі бары да сол ақпаратта сөз болған еді.

Осы мәселеге қатысты министрліктің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты деп жазады Zakon.kz.

Министрлік  ҚР “Педагог мәртебесі” Заңына сәйкес мұғалімдерді үш жылда бір рет квалификация курстарында тегін оқытуды қамтамасыз ететінін айта келіп:

“Мұғалімнің біліктілігін көтеруге қатысты курстар жергілікті биліктің берген өтінімдеріне қарай жасақталады. Курс бағдарламасы нақты бір пәннің нақты әдістемелігіне орайластырылады. Әлеуметтік желілерде мұғалім санатына еш қатысы жоқ біліктілікті көтеруге арналған делінген ақылы күмәнді курстар туралы ақпарат тарауда. Сол себепті мұғалімдерді мұндай күмәнді курстардан сақ болуға шақырамыз” деп хабарлады Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұнан бөлек, ведомство егер ақылы курстарға міндеттеу, мәжбүрлеу жағдайлары орын алып жатса, мына нөмірге +7 (7172) 74-23-92 және «Өрлеуге» хабарласуды сұрады.

Қарапайым тілмен айтқанда, санатын көтергісі келетін мұғалім заң бойынша үш жылда бір рет арнайы курстарда білім алуға тиіс. Арнайы курстарда мұғалімнің тегін оқуын мемлекет қамтамасыз етеді. Ал басқа ақылы курстарға мұғалімді қатысуға міндеттеуге ешкімнің қақысы жоқ.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.