«Біз үшін кек алуың керек» деген Шерзаттың ағасының соңғы хаты жарияланды

0
458

Полиция Шерзат Полаттың ағасының өлер алдындағы хатын жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бағдат Әшімов бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. «Талғар маңында 30 жастағы ер адамның денесінің анықталуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған», — деді ол. Полиция ер адамның өлер алдында ағасына жазған хатын да жариялады.

Соңғы рет уатсапп арқылы ағасына (Шерзаттың әкесіне) хат жазған ол өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.