Мал-мүлікке таласқан бауырлар бір-бірін аямайды
Таңшолпан күйеуінен таяқ жеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып, Алматыдағы төркініне жеткенде шешесі бала-шағасымен “Аналар үйіне барасың “ деп таксиге салып жіберіпті.
Келіншек “ Шешем мұғалім. Жоғары білімді. Әкеден қалған мал-мүлікті, үйді сатты және еңбекақымыздан ақша жинап, Алматыда баспана салдық.
Енді ағам бізді үйге жолатпайды. Бізді жағдайы нашар деп намыстанады. Жиын, тойларға да шақырмайды” деп жылап қалды.
Қызға қамқорлық кім жасайды? Осы кезде жылжымайтын мүлік, малға таласқанда бір анадан туған бауырлары тұрмақ, шешесі қызынан теріс айналады.
Денесі көкала қойдай болып, екі кішкентай бөпесімен далада қалған қызының маңдайынан сүймеген, жылы сөз айтпаған ананың жүрегі тастан жаралған ба? Осы “Аналар үйін” ашқан азаматқа шын жүрекпен алғыс айттым.
Есімді енді жиып едім, Түркістан облысының тұрғыны хабарласты.
-Әкеден қалған үйді иеленуге, мекендеуге байдан қайтқан қыздың хақысы жоқ. Қайын сіңлімді бала-шағасымен қуып шығу керек. Ол қарашаңырақ менің бала-шағамның үйі. Қаңғып келген жиендерді де ауылдан көшіру керек. Қара шаңырақ иесі күйеуім.
Қысқасы, мынау жеңгейдің дауысы жер жарады. Ері екеуінің үйі бар. Тұңғыш ұлы 23 жаста екен. Екеуі ата мен ападан баяғыда еншісін алып, отауы бөлек .
Күндердің бір күні қариялардың қызы, мына әйелдің қайынсіңлісі күйеуімен көңілі жараспай төркініне қайтып келеді. Әке-шешесі қайтыс болды. Енді жеңгесі қайынсіңлісін бала-шағасымен қуып, баспананы балама рәсімдеймін деп бекініп отыр.
Заң бойынша ата мен апаның бес баласының үлесін сот анықтайды. Олар сізге үлесін сыйға тарта ма, сата ма, қысқасы , күйеуім қара шаңырақ иесі деп өзіңіз шешім шығарып, күштеп қуу заңсыз деп түсіндірдім.
-Сонда сіз келмейсіз бе, маған дау шығару керек. Шашын жұламын.бды-бды..
Сонда екі тағдыр, екеуі де ата-анасының үйінде бауырларымен бір нанды үзіп жеді. Бірге есейді.
Бірге қуанып, бірге қобалжыған күндері де бар шығар. Бауырлардың арасында қазір мүлікке талас жиі ұшырасады. Қарындасы далада қаңғып жүргенде ағасы немесе інісі қалай ұйықтайды деп таң қалмайтын болдым.
Ұлын қатты жақсы көретін шешелер неге қызына жаны ашымайды? Таңшолпан жылағанда мен де жылап қалдым. Әртүрлі тағдыр бар.
Жазира БЕГАЛЫ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.