Азия чемпионаты. Бокстан қанжығаға алтын байладық

0
155

Бокстан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта топ жарды, — деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Отандасымыз финалда украиналық Карина Айрепитяннан айқын басым болып шықты. Есеп – 5:0.

Бұған дейін Виктория ГрафееваАида Әбікеева және Наталья Богданова топ жарып, алтын медаль еншілеген еді.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) кейінгі жарыстарда арнайы сыйақы беріп келеді. Азия чемпионатының да жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болып бекітілген.

Жүлдегерлерден бөлек, ширек финалға шыққан боксшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Оларға 1 000 доллардан беріледі.

🥇– 8 000 АҚШ доллары
🥈– 4 000 АҚШ доллары
🥉– 2 000 АҚШ доллары