Тастанды сәбимен өткізген аз уақыт. Өзегімді өкініш өртейді

0
1243

Жаңадан туып тастап кеткендер өте көп перзентханада. Арнайы жатын бөлмеде он шақты бала бар-ау. Барлығына уақытпен тамақ береді.

Тамақты арнайы мемлекеттің жасанды ұнтағынан жасайды екен. Кейбір, сүті көп əйелдер өздерін арнайы құралмен сауып өткізеді.

Түн ұйқымды бір сəбидің іңгəлəған ащы дауысы оятып жіберді. Біреу ұрғандай жылайды.

Сай-сүйегіңді сырқыратып жібереді.

Өзім есімді отадан кейін əрең жиғанмын. Еріксіз орнымнан тұрып, дəліздегі бөлмелерді жағалап, дауыс шыққан жаққа қарай бет алдым. Үлкен əйнегі бар бөлмеде сəбилер жатыр.

Сонын ішіндегі біреуі ерекше жылап жатыр.

Құдды бір анасының тастап кеткенін сезгендей. Терезеден көзімді алмай, қадала қарап тұрмын. Жанарым сəбилерде, ойым сан-сақта жүр. Əр нəрсені бір ойлап, кеудеме тығылған өксіктен,көзімнен моншақтап жас ағуда.

Кенеттен құлағыма келген дауыстан «селк» ете түстім. Қасыма келіп қалған медбикені де аңғармаппын. Ойдың түбі тұнғиық, батасың да кетесің деген рас -ау.

— Неғып тұрсыз? Палатаңызға барыңыз деді.

Өзі тастанды балалардың жанына, бір-бір құмыра сүттен қойып шықты. Мен аң-таңмын. Көзім бақырайып, бұлар ұстап іше алмайды ғой. Қалай ішеді? — дедім.

— Анасы ойламаған баланы, не үшін біз ойлауымыз керек екен? — деп «дүңк» етті. Қарындары ашқанда өздері ебін табады. Бұл жерде қайсы бірін тамақтандырып отырасың. Жұмысымыз онсыз да басымыздан асады деді.

Сөзінің жаны бар, ештене дей алмадым.

— Қарап тұрайыншы, ішіне кірсем бола ма? — дедім . Дауысым аянышты шықты ма білмеймін, əйтеуір кіргізді.

Сəбилер жанында жатқан құмырадағы сүтін жыбырлап, қозғалып өздері тауып ішті. Мен қарап қалыппын.Таңқалғанымды жасыра алмаймын. Адам ит жанды болады ғой. Басыңа түссе көнесің де. Алланың құдіреті икемге келтіріп, бір мəнісін келтірген. Астындағы жаялықтарын ауыстыра бермейді екен.

— Мынау сиіп қойыпты десем, «жата берсін солай таңертен ауыстырамыз»- деді.

— Түні бойы ауызы жабылмай жылағаны қайсысы? — дедім.

— Анау жатқан ғой. Ер бала тоймай жылай береді — деді. Бағанағы сүтке де қанағаттанбай, тағы жылай бастады.

Медбикеге:»мен емізейінші»- дедім.

— Емізе ғой,- деді де, орындыққа отырғызып қойды. Ойым тағыда сан-сақта.

Өз баламды қашан ваккумнан əкеліп берер екен? Қашан оны қолыма алып, емізер екенмін? — деп қиялдап қойдым. Жылап алдым. Тұншығып жылаймын дір-дір етіп.

Кеудемдегі өксігім басылар емес. Бір жағынан өз баламды ойласам, екінші жағынан қалай көзі қиып, жүрегі езілмей мына баланы тастап кетті екен? — деген оймен, жанарымнан жас тоқтасашы.

Медбикеге рақмет!

Қалай тамақтандыру керектігін айтып жатыр. Жүрегім елжіреп, сəбиден көзімді алмай, сүйсініп қарап отырмын. Олардың жұпар иісін, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екен ғой.

Медбикеге түрін көрсетіп «кейін қандай жігіт болады екен?»- дедім.

— Сұлу жігіт болады. Мұрынын, көзін қарасаңшы, дəу ғой, қасы қалың, өзі бойшаң əрі, — деді.

— Осы баланы, менің баламды əкеліп бергенше емізе тұрайыншы? -деп едім, келісті.

Сіздің орыныңызға келетін медбикелерге де бір ауыз айтып қойыңызшы дедім.

«Жарайды» — деп күлді де, келісті.

Бір апта аз уақыт болғанымен, демде балаға бауыр басып қалдым.

Жолдасыма «асырап алып шығайыншы?»- деп, осыншама өтіндім. Кейін балаларымызбен бірге өсіп кетеді десем де көнбеді. Анасы рұқсат бермепті.

Сонымен не керек, қу діземді ғана құшақтап шықтым ғой. Өзіңдікі де жоқ, өзгенікі де жоқ.

Қазір сол бала қандай болды екен?- деп ойлап қоямын да. Биыл он үшке толды. Қайда жүрсе де аман болып, бағы ашылсыншы!.

Кей-кезде байды да, енені де тыңдаудың қажеті жоқ екен. Мүлдем тыңдауға болмайды деп жатқаным жоқ, тыңдау керек, бірақ жүректі де тыңдау керек.

Сол кезде жүрегімнің қалауын тыңдасамшы, бір нəрсені сезгендей екен ғой.

Авторы — Салтанат ТӨЛЕГЕН.

Әлеуметтік желіден.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.