Даниал Ахметов — кетті, Ольга Рыпакова — келді

0
230

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен өткен қорытынды жиында белгілі болған.

«Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.