Башар Асад: Елден қашуды ойламадым

0
41

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад биліктен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жариялап, Ресейге неліктен кеткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саясаткердің мәліметінше, ол Ресейге қашуды алдын-ала жоспарламаған. Сирия астанасы наразы топтың қолына өткен соң Асад Ресейдің Латакия провинциясындағы әскери базасын бақылауға барған, алайда сол жерде Сирия әскері шегінгенін көрген.

«Базадан кету мүмкін болмағандықтан, Мәскеу база қолбасшылығына жексенбі, 8 желтоқсанда кешке тез арада Ресейге эвакуациялауды ұйымдастыруды тапсырған. Бұл (эвакуация) ертесіне, Дамаск құлап, соғыс әскери бекініс құлап, қалған мемлекеттік институттар тұралап қалғаннан кейін іске асты», — деп жазылған мәлімдемеде.

Асадтың айтуынша, ол Сириядағы оқиғалар барысында қызметтен кетуді, елден қашуды ойламаған, оған осындай ұсыныс түспеген. Бірақ мәлімдемеде «мемлекет содырлар қолына тап болғанда, оған ықпал ету мүмкіндігі қалмаған жағдайда, қызметтің де мәні кетеді» деп жазылған.

Айта кетейік, Башар Асад мәлімдемені араб және ағылшын тілдерінде таратқан.